Швейцария – Алжир: Тікелей эфир!
Футболдан Әлем чемпионатының 1/16 финалында Швейцария мен Алжир құрамалары плей-офф жолдамасын сарапқа салады.
Кездесу Ванкувер қаласындағы «Ванкувер Стэдиум» стадионында өтеді.
Швейцария В тобында 7 ұпай жинап, жеңіліссіз бірінші орынмен келесі кезеңге шықты. Швейцариялықтар Катармен 1:1 есебімен тең ойнап, Босния және Герцеговинаны 4:1, Канаданы 2:1 есебімен жеңді. Алжир J тобында 4 ұпай жинап, үздік үшінші орын алған құрамалардың қатарында плей-оффқа өтті. Команда Аргентинадан 0:3 есебімен жеңіліп, кейін Иорданияны 2:1 есебімен ұтып, Аустриямен 3:3 есебімен тең түсті.
Футбол жанкүйерлері матчты 07:50-де «Qazsport» телеарнасынан көре аласыздар. Сонымен қатар ойын qazsporttv.kz сайтында және «Qazaqstan.tv» мобильді қосымшасы арқылы онлайн тамашалай аласыздар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы