Басты Жаңалықтар Аустралия - Египет: Тікелей эфир!

Аустралия - Египет: Тікелей эфир!

Аустралия - Египет: Тікелей эфир!

Футболдан Әлем чемпионатының 1/16 финалында Аустралия мен Египет құрамалары өзара мықтыны анықтайды.

Кездесу Арлингтон қаласындағы «Даллас Стэдиум» стадионында өтеді. Аустралия D тобында 4 ұпай жинап, екінші орынмен плей-оффқа жолдама алды. Команда Түркияны 2:0 есебімен жеңіп, кейін АҚШ-қа 0:2 есебімен есе жіберді. Ал соңғы турда Парагваймен 0:0 есебімен тең түсті. Египет G тобында 5 ұпаймен Бельгиядан кейінгі екінші орынға тұрақтады. Мысырлықтар Бельгиямен 1:1 есебімен тең ойнап, Жаңа Зеландияны 3:1 есебімен жеңді және Иранмен 1:1 есебімен тең тарқасты.

Футбол жанкүйерлері матчты 22:50-де «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарының тікелей эфирінен тамашалай алады. Сонымен қатар ойын qazaqstan.tv, qazsporttv.kz сайттарында және «Qazaqstan.tv» мобильді қосымшасы арқылы онлайн көре аласыздар.

Бөлісу