Аргентина - Кабо-Верде: Тікелей эфир!
Әлем чемпионатының 1/16 финалында Аргентина мен Кабо-Верде құрамалары ширек финал жолдамасы үшін таласады.
Матч Майами қаласындағы «Майами Стэдиум» аренасында өтеді. Аргентина J тобында барлық үш ойында жеңіске жетіп, 9 ұпаймен бірінші орын алды. Аргентиналықтар Алжирді 3:0, Аустрияны 2:0 және Иорданияны 3:1 есебімен жеңді. Кабо-Верде H тобында 3 ұпай жинап, доп айырмашылығының арқасында екінші орынмен плей-оффқа шықты. Команда Испаниямен 0:0 есебімен тең ойнап, Уругваймен 2:2 есебін тіркеді және Сауд Арабиясымен 0:0 есебімен тең түсті.
Футбол жанкүйерлері матчты 4 шілде күні сағат 02:50-де «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарының тікелей эфирінен көре аласыздар. Сонымен қатар ойын qazaqstan.tv, qazsporttv.kz сайттарында және «Qazaqstan.tv» мобильді қосымшасы арқылы онлайн тамашалай аласыздар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы