Колумбия - Гана: Тікелей эфир!
Футболдан Әлем чемпионатының 1/16 финалында Колумбия мен Гана құрамалары өзара кездеседі.
Матч Канзас-Сити қаласындағы «Канзас-Сити Стэдиум» стадионында өтеді. Колумбия К тобында 7 ұпай жинап, бірінші орынмен плей-оффқа жолдама алды. Команда Өзбекстанды 3:1, Конго ДР құрамасын 1:0 есебімен жеңіп, Португалиямен 0:0 есебімен тең түсті. Гана L тобында 4 ұпай еншілеп, үздік үшінші орын алған құрамалардың қатарында келесі кезеңге өтті. Африкалық команда Панаманы 1:0 есебімен жеңіп, Англиямен 0:0 есебімен тең ойнады, ал соңғы турда Хорватияға 1:2 есебімен жол берді.
Футбол жанкүйерлері матчты 4 шілде күні сағат 06:20-да «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарының тікелей эфирінен тамашалай алады. Сонымен қатар ойын qazaqstan.tv, qazsporttv.kz сайттарында және «Qazaqstan.tv» мобильді қосымшасы арқылы онлайн көре аласыздар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы