Португалия - Испания: Тікелей эфир!
Футболдан Әлем чемпионатының 1/8 финалында Португалия мен Испания құрамалары ширек финал жолдамасын сарапқа салады.
Матч Арлингтон қаласындағы «Даллас Стэдиум» аренасында өтеді.
Португалия 1/16 финалда Хорватияны 2:1 есебімен жеңіп, келесі кезеңге өтті. Голдарды Криштиану Роналду (68', пенальти) мен Гонсалу Рамуш (90+4') соқты. Хорватия сапынан Иван Перишич 53-минутта мергендік танытты.
Испания өз кезегінде Аустрияны 3:0 есебімен сенімді жеңді. Микель Оярсабаль дубль авторы атанса, тағы бір голды Педро Порро өз еншісіне жазды.
Футбол жанкүйерлері матчты 6 шілде күні сағат 23:50-де «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарының тікелей эфирінен тамашалай алады. Сонымен қатар ойын qazaqstan.tv, qazsporttv.kz сайттарында және «Qazaqstan.tv» мобильді қосымшасы арқылы онлайн көре аласыздар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы