Аргентина - Египет: Тікелей эфир!
Футболдан Әлем чемпионатының 1/8 финалында Аргентина мен Египет құрамалары ширек финал жолдамасын сарапқа салады.
Матч АҚШ-тың Атланта қаласындағы «Атланта Стэдиум» аренасында өтеді. Аргентина 1/16 финалда Кабо-Вердені қосымша уақытта 3:2 есебімен жеңді. Голдарды Лионель Месси (29'), Лисандро Мартинес (92') соғып, тағы бір гол автогол ретінде Диней Боржестің (111') еншісіне жазылды. Кабо-Верде сапынан Дерой Дуарте (59') мен Сидни Лопес Кабрал (103') мергендік танытты. Египет өз кезегінде Аустралиямен негізгі және қосымша уақытта 1:1 есебімен тең ойнап, пенальти сериясында 4:2 есебімен басым түсіп, келесі кезеңге өтті. Негізгі уақытта Эмам Ашур (13') гол соқса, Аустралияның голы Мохамед Ханидің (55') автоголынан кейін тіркелді.
Футбол жанкүйерлері матчты 7 шілде күні сағат 20:50-де «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарының тікелей эфирінен тамашалай алады. Сонымен қатар ойын qazaqstan.tv, qazsporttv.kz сайттарында және «Qazaqstan.tv» мобильді қосымшасы арқылы онлайн көре аласыздар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы