Франция - Марокко: Тікелей эфир!
Футболдан Әлем чемпионатының 1/4 финалында Франция мен Марокко құрамалары жартылай финал жолдамасын сарапқа салады.
Матч Фоксборо қаласындағы «Бостон Стэдиум» стадионында өтеді. Бұл кездесу 2022 жылғы әлем чемпионатының жартылай финалынан кейінгі қос құраманың алғашқы ресми ойыны болмақ.
Франция 1/8 финалда Парагвайды 1:0 есебімен жеңді. Кездесудегі жалғыз голды Килиан Мбаппе 70-минутта пенальтиден соқты. Ал Марокко Канаданы 3:0 есебімен сенімді түрде жеңіп, ширек финалға шықты. Марокко сапында Аззедин Унаи дубль авторы атанса, Суфьян Рахими бір мәрте мергендік танытты.
Футбол жанкүйерлері матчты 10 шілде күні сағат 00:50-де «Qazsport» телеарнасының тікелей эфирінен тамашалай алады. Сонымен қатар ойын qazsporttv.kz сайтында және «Qazaqstan.tv» мобильді қосымшасы арқылы онлайн көрсетіледі.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы