Басты Жаңалықтар 2026 жылғы Азия ойындарының медальдары таныстырылды

2026 жылғы Азия ойындарының медальдары таныстырылды

2026 жылғы Азия ойындарының медальдары таныстырылды

Жапонияда өтетін Аичи-Нагоя-2026 XX жазғы Азия ойындарын ұйымдастырушылар жеңімпаздар мен жүлдегерлерге табысталатын медальдарды таныстырды.
Медаль тұжырымдамасы Ойындардың «Imagine One Asia» («Біртұтас Азияны елестет») ұранына негізделген. Дизайн Азия құрлығының тарихын және спорт арқылы қайта бірігу идеясын бейнелейді.
Медаль дизайнының авторы – жапониялық дизайнер әрі креативті директор Дайсукэ Сиба.
Ол медаль пішінін жасау кезінде сындырылған керамикалық дискілердің бөлшектерін зерттеген. Автордың айтуынша, бұл спортшылардың жетістікке жету жолындағы қиындықтары мен еңбегін бейнелейді.
Алтын медаль таза күмістен жасалып, алтынмен қапталады. Күміс медаль таза күмістен, ал қола медаль мыс пен мырыш қоспасынан дайындалады. Медаль таспасында Аичи префектурасының ресми гүлі – какицубата бейнеленген.

Бөлісу