Родри «Барселона» ойыншысы атанады
Фабрицио Романоның мәліметінше, «Барселона» мен «Манчестер Сити» Родридің трансферіне қатысты келісімге келді.
Трансфер құны шамамен 70 млн еуроны құрайды.
30 жастағы испаниялық жартылай қорғаушы жақын күндері Барселонаға келіп, каталониялық клубпен төрт жылдық келісімшартқа қол қояды деп күтілуде.
Родри 2019 жылдан бері «Манчестер Сити» намысын қорғап келеді. Испаниялық ойыншы клубпен бірге төрт рет Англия чемпионы атанып, Лига кубогін үш мәрте, Англия кубогі мен УЕФА Суперкубогін екі реттен жеңіп алды. Сондай-ақ ол Чемпиондар лигасы, Англия Суперкубогі және клубтар арасындағы әлем чемпионатында топ жарған.
2024 жылы Родри «Алтын доп» жүлдесін иеленді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Дастан Сәтпаев «Бернли» сапына қосылды
09.10.2026, 15:50
Денис Тен мемориалы: Софья Самоделкина үздік үштікке енді
09.10.2026, 11:30
Семсерлесуден Қазақстан құрамасы әлем кубогы кезеңінде бақ сынайды
08.10.2026, 15:00
Аичи-Нагоя: V Азия Пара ойындарына 10 күн қалды
08.10.2026, 11:00
WBO президенті Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегіне қатысты мәлімдеме жасады
08.10.2026, 10:00
Лионель Месси Аргентина құрамасындағы соңғы ойынын өткізді
07.10.2026, 10:10
Шерзод Давлатов - Әлем чемпионатының күміс жүлдегері
04.10.2026, 21:01
Қазақстан Азиаданы тарихи нәтижелермен қорытындылады
04.10.2026, 15:02