Басты Жаңалықтар Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңі: Алғашқы матчтар нәтижесі

Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңі: Алғашқы матчтар нәтижесі

Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңі: Алғашқы матчтар нәтижесі

УЕФА Чемпиондар лигасының 2026/2027 маусымындағы плей-офф кезеңінің алғашқы матчтары аяқталды. Қарымта кездесулерден кейін турнирдің жалпы кезеңіне жолдама алатын командалар анықталады.

«Левски» 0:0 АЕК
Софияда өткен кездесуде «Левски» мен АЕК жеңімпазды анықтай алмады. Матч 0:0 есебімен аяқталды. Қарымта ойын 26 тамызда өтеді.

«Динамо» Загреб 2:2 «Викинг»
Загребте өткен тартысты кездесуде «Динамо» алғашқы он минутта екі гол соқты. 6-минутта Дион Белё, 10-минутта Матео Лисица мергендік танытты. 26-минутта Петер Кристиансен «Викингтің» бір голын қайтарса, 39-минутта Златко Трипич есепті теңестірді.
Қарымта матч 26 тамызда Норвегиядағы «Люсе Аренада» өтеді.

«Фенербахче» 1:1 «Лион»
Стамбұлдағы матчта «Лион» бірінші болып есеп ашты. Бірінші таймның соңында Луа Опенда франциялық клубты алға шығарды. 47-минутта Мэйсон Гринвуд «Фенербахченің» таразы басын теңестірді.
Қарымта матч 26 тамызда Францияда өтеді.

«Селтик» 3:0 ЛАСК
Шотландиялық «Селтик» өз алаңында аустриялық ЛАСК командасын 3:0 есебімен жеңді. 26-минутта Беньямин Нюгрен есеп ашса, 38-минутта Камило Дуран есепті еселеді. Колумбиялық шабуылшы 67-минутта дубль жасады. Қарымта матч 25 тамызда Линцтегі «Райффайзен-Аренада» өтеді.

«Слован» 1:1 «Целе»
Братиславада өткен кездесуде командалар тең тарқасты. 15-минутта Роман Черепкаи «Слованды» алға шығарды. 41-минутта Милёт Авдюли есепті теңестірді.
Қарымта матч 26 тамызда Словенияның Целе қаласындағы «З'дежеле» стадионында өтеді.

«Хапоэль Беэр-Шева» 2:1 «Сабах»
Әзербайжандық «Сабах» сырт алаңда «Хапоэль Беэр-Шевадан» 1:2 есебімен жеңіліп қалды. 6-минутта Велько Шимич қонақтарды алға шығарды. 43-минутта Джавон Ист таразы басын теңестірсе, 79-минутта Игор Златанович алаң иелеріне жеңіс сыйлады.
«Сабах» сапында қазақстандық қақпашы Стас Покатилов өнер көрсетеді. Қарымта матч 26 тамызда өтеді.

«НЕК Неймеген» 1:3 «Будё-Глимт»
Норвегиялық «Будё-Глимт» Нидерландта 3:1 есебімен жеңіске жетті. 25-минутта Сондре Брунстад есеп ашты. 44-минутта Андреас Хельмерсен пенальтиден есепті еселеді. 50-минутта Хайтам Алеесами үшінші голды соқты. 86-минутта Клемент Бисхофф «НЕК-тің» алғашқы голын соқты. Қарымта кездесу 25 тамызда Норвегияның Будё қаласындағы «Аспмюра» стадионында өтеді.
Қарымта кездесулерден кейін Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне жолдама алатын жеті команда анықталады.

Бөлісу