Ғабит Расулхан дзюдодан Әлем чемпионатында топ жарды
Қазақстандық дзюдошы Ғабит Расулхан Эквадордың Гуаякиль қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатында 60 кг дейінгі салмақта алтын медаль жеңіп алды.
Финалда ол канадалық Роман Семирозумды жеңді. Турнир барысында Алжир, Түркия, Украина және Жапония спортшыларынан басым түсті.
Қазақстан құрамасының нәтижесі:
Ғабит Расулхан - алтын (-60 кг)
Әділжан Нұрбекен - күміс (-50 кг)
Адия Жанахмет - күміс (-40 кг)
Бекарыс Құдайберген - қола (-50 кг)
Ахмет Баубек - қола (-60 кг)
Осылайша, Қазақстан құрамасы жарыстың алғашқы күнінде 1 алтын, 2 күміс және 2 қола жүлде жеңіп алып, медаль кестесінде көш бастады.
Әлем чемпионаты 23 тамызға дейін жалғасады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Дастан Сәтпаев «Бернли» сапына қосылды
09.10.2026, 15:50
Денис Тен мемориалы: Софья Самоделкина үздік үштікке енді
09.10.2026, 11:30
Семсерлесуден Қазақстан құрамасы әлем кубогы кезеңінде бақ сынайды
08.10.2026, 15:00
Аичи-Нагоя: V Азия Пара ойындарына 10 күн қалды
08.10.2026, 11:00
WBO президенті Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегіне қатысты мәлімдеме жасады
08.10.2026, 10:00
Лионель Месси Аргентина құрамасындағы соңғы ойынын өткізді
07.10.2026, 10:10
Шерзод Давлатов - Әлем чемпионатының күміс жүлдегері
04.10.2026, 21:01
Қазақстан Азиаданы тарихи нәтижелермен қорытындылады
04.10.2026, 15:02