Фатима Сұпығалиева дзюдодан әлем чемпионатында топ жарды
Эквадорда өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына екінші алтын медаль түсті.
16 жастағы Фатима Сұпығалиева -52 кг салмақта финалда украиналық Ксения Кирильчуктан басым түсіп, әлем чемпионы атанды. Шешуші белдесуде отандасымыз қарсыласын иппонмен жеңді.
Фатима – Қазақстан дзюдосы тарихында қыздар арасында әлем чемпионы атанған тұңғыш спортшы!
Қазақстан құрамасының нәтижесі:
Алтын:
Фатима Сұпығалиева (-52 кг)
Ғабит Расулхан (-60 кг)
Күміс:
Інжу Жұмажан (-57 кг)
Әділжан Нұрбекен (-50 кг)
Адия Жанахмет (-40 кг)
Қола:
Ерік Үсенов (-66 кг)
Бекәли Еркен (-73 кг)
Бекарыс Құдайберген (-50 кг)
Ахмет Баубек (-60 кг)
Екі жарыс күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан 2 алтын, 3 күміс және 4 қола медальмен жалпы есепте көш бастап тұр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы