Басты Жаңалықтар Михаил Шайдоров әлемдік рейтингте үздік үштікке енді

Михаил Шайдоров әлемдік рейтингте үздік үштікке енді

Михаил Шайдоров әлемдік рейтингте үздік үштікке енді

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров Халықаралық конькимен жүгірушілер одағының (ISU) 2026/2027 жылғы жаңартылған әлемдік рейтингінде үшінші орынға көтерілді.

22 жастағы спортшының еншісінде 3918 ұпай бар. Шайдоровтан жоғары тұрғандар – АҚШ өкілі Илья Малинин (4590 ұпай) және Жапония спортшысы Юма Кагияма (4123 ұпай).
Михаил Шайдоров үшін бұл – ISU рейтингіндегі ең үздік көрсеткіш. Қазақстандық спортшы төртінші орында тұрған жапониялық Шун Сатоны 279 ұпайға басып озады.
Айта кетейік, Шайдоров 2026 жылдың ақпанында Милан-Кортина Олимпиадасында ерлер арасындағы жекелей сында алтын медаль жеңіп, Қазақстан тарихындағы осы спорт түрінен тұңғыш Олимпиада чемпионы атанды. Бұған дейін Қазақстанның мәнерлеп сырғанаудағы Олимпиададағы ең үздік нәтижесі Денис Теннің 2014 жылғы Сочидегі қола медалі еді.
ISU рейтингі:
1. Илья Малинин – 4590
2. Юма Кагияма – 4123
3. Михаил Шайдоров – 3918

Бөлісу