Басты Жаңалықтар Алматыда үстел теннисінен халықаралық турнир өтеді

Алматыда үстел теннисінен халықаралық турнир өтеді

Алматыда үстел теннисінен халықаралық турнир өтеді

1-6 қыркүйек аралығында Алматыда жүлде қоры 100 000 АҚШ долларын құрайтын WTT Contender Almaty халықаралық турнирі өтеді.
Биылғы жарысқа Германия, Үндістан, Испания, Италия, Йемен, Қытайлық Тайбэй, Люксембург, Мексика, Нидерланд, Пуэрто-Рико, Ресей, Сауд Арабиясы, Өзбекстан, Франция, Швеция, Эквадор, Корея Республикасы, Жапония және Қазақстаннан 120-дан астам спортшы қатысады.
Дмитрий Овчаров (Германия) – жеке разрядта Олимпиада ойындарының екі дүркін қола жүлдегері.
Сюнсукэ Тогами (Жапония) - жұптық әлем чемпионы.
Хина Хаята (Жапония) - командалық турнирде Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері.
Кирилл Герасименко (Қазақстан) - командалық және ерлер арасындағы жеке разрядтардағы Ислам ынтымақтастығының VI ойындарының жеңімпазы.
Жарысты «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Бөлісу