Басты Жаңалықтар Семсерлесу: Кирилл Проходов Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

Семсерлесу: Кирилл Проходов Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

Семсерлесу: Кирилл Проходов Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

Қазақстандық семсерлесуші Кирилл Проходов Жапонияның Аичи-Нагоя қалаларында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында күміс медаль иеленді.

19 жастағы спортшы финалда жарыс қожайыны, екі дүркін Олимпиада чемпионы әрі екі дүркін әлем чемпионы Коки Каномен кездесті. Тартысты бәсекеде жапониялық семсерлесуші 15:13 есебімен жеңіске жетті.

Проходов топтық кезеңдегі алты кездесудің бесеуінде басым түсті. Кейін плей-офф кезеңінде Қатар, Тайбэй, Қытай және Гонконг өкілдерін жеңіп, финалға жолдама алды.

Осылайша, Кирилл Проходов Азия ойындарындағы алғашқы жүлдесіне қол жеткізді.

Бөлісу