Басты Жаңалықтар Семсерлесуден сапы сайысында Қазақстан әйелдер құрамасы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

Семсерлесуден сапы сайысында Қазақстан әйелдер құрамасы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

Семсерлесуден сапы сайысында Қазақстан әйелдер құрамасы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

ХХ жазғы Азия ойындарында семсерлесуден командалық бәсеке жалғасып жатыр.

Сапы сайысында Қазақстан әйелдер құрамасы жартылай финалда Қытай командасымен кездесіп, 21:45 есебімен есе жіберді. Осылайша, қазақстандық семсерлесушілер жарысты қола медальмен аяқтады.

Ұлттық құрама сапында Ирина Бакалдина, София Николайчук, Владислава Андреева және Дарья Самоделкина өнер көрсетті.

Айта кетейік, бұған дейін Артем Саркисян қылыш сайысынан қола, ал Кирилл Проходов сапы бағдарламасынан күміс медаль иеленген еді.

Бөлісу