Басты Жаңалықтар Дмитрий Холмогоров Азия ойындарының қола жүлдегері

Дмитрий Холмогоров Азия ойындарының қола жүлдегері

Дмитрий Холмогоров Азия ойындарының қола жүлдегері

Қазақстандық спортшы Жапонияның Аичи префектурасында өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында байдарка мен каноэде ескек есуден қола медаль жеңіп алды.

500 метр қашықтықтағы финалда Дмитрий Холмогоров 1:44.453 секунд нәтиже көрсетіп, үшінші орынға ие болды.

Жарыста Өзбекстан спортшысы алтын медаль алса, Оңтүстік Корея өкілі күміс жүлдеге ие болды.

Осылайша, Дмитрий Холмогоров Аичи-Нагоя Азия ойындарының жүлдегерлер қатарына қосылды.

Бөлісу