Қазақстан құрамасы әртістік жүзуден Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
Әйелдер арасындағы жұптық сында Қазақстан намысын Наргиза Болатова мен Ясмин Туякова қорғап, үшінші орынға ие болды.
Сонымен қатар, аралас командалық бағдарламада Қазақстан құрамасы қола медаль жеңіп алды. Еркін бағдарламада қазақстандық спортшылар 216.7961 ұпай жинады.
Үш жаттығудың қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 672.6029 ұпаймен үшінші орынға тұрақтады. Алтынды Қытай (857.5084 ұпай), күмісті Жапония (821.7404 ұпай) иеленді.
Командалық сында Қазақстан сапында Виктор Друзин, Даяна Джаманчалова, Айгерім Құрманғалиева, Ксения Макарова, Анна Павлетцова, Валерия Столбунова, Жаклин Якимова, Наргиза Болатова және Ясмин Туякова өнер көрсетті.
Осылайша, Қазақстан құрамасы әртістік жүзуден ХХ жазғы Азия ойындарында екі қола медаль жеңіп алды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан құрамасы гандболдан Азия чемпионатында үшінші жеңісіне қол жеткізді
26.11.2026, 11:17
Ламин Ямальдің жоқтығы «Барселона» ойынына әсер етпейді
25.11.2026, 16:24
«Арсенал» жеңісті уысынан шығарып алды
25.11.2026, 12:26
Өзбекстанда World Boxing Әлем кубогінің финалдық кезеңі өтеді
24.11.2026, 11:34
Қазақстан U-19 құрамасы Марокконы 6:2 есебімен жеңді
24.11.2026, 10:57
Қазақстан құрамасы гандболдан Азия чемпионатын жеңіспен бастады
24.11.2026, 10:34
«Қайрат» алғашқы ойында жеңілді
24.11.2026, 10:24
Алматыда гандболдан әйелдер арасында Азия чемпионаты өтеді
23.11.2026, 09:36