Басты Жаңалықтар Михаил Шайдоров Братиславада өткен жарыста қола медаль жеңіп алды

Михаил Шайдоров Братиславада өткен жарыста қола медаль жеңіп алды

Михаил Шайдоров Братиславада өткен жарыста қола медаль жеңіп алды

Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров жаңа маусымдағы алғашқы халықаралық жарысында жүлдеге ілікті.

Отандасымыз Братиславада өткен Ондрей Непела мемориалында қысқа бағдарламада 95,98 ұпай жинап, халықаралық жарыстардағы жеке рекордын жаңартты. Еркін бағдарламада спортшы 176,77 ұпай еншіледі.
Екі бағдарламаның қорытындысы бойынша 272,75 ұпай жинаған Михаил Шайдоров жарысты үшінші орынмен аяқтады.
Бұл – Михаил Шайдоровтың 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарындағы тарихи жеңісінен кейінгі алғашқы жарысы.
Бөлісу