Басты Жаңалықтар Спорттық құзға өрмелеу: Қазақстанның екі өкілі ширек финалға өтті

Спорттық құзға өрмелеу: Қазақстанның екі өкілі ширек финалға өтті

Спорттық құзға өрмелеу: Қазақстанның екі өкілі ширек финалға өтті

Аичи–Нагояда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында спорттық құзға өрмелеуден жарыстар басталды.
Қазақстан атынан әйелдер арасындағы «Жылдамдық» бағдарламасында Тамара Олжабаева мен Аделя Өтешова бақ сынап, екеуі де ширек финалға жолдама алды.
⏱️ Аделя Өтешова — 7,68 секунд, 13-орын
⏱️ Тамара Олжабаева — 7,53 секунд, 11-орын
Биылғы Азия ойындарында спорттық құзға өрмелеудің бағдарламасы өзгеріп, жүлде жиынтықтарының саны алтыға артты. «Жылдамдық» бағдарламасында спортшылар биіктігі 15 метр қабырғаны ең қысқа уақытта бағындыруы керек.
Әйелдер арасындағы финалдық кезең 30 қыркүйекте өтеді. Сол күні ерлер арасында «Жылдамдық» бағдарламасының іріктеу кезеңі басталады.

Бөлісу