Мейрамбек Қартбай Париж Олимпиадасында бақ сынайды

Біріккен күрес әлемінің (UWW) Қазақстан ҰОК-ке жолдаған ресми хатында 57 келі салмақ дәрежесінде бақ сынайтын қазақстандық балуанның Олимпиада ойындарының жолдамасына ие болғаны белгілі болды.

Естеріңізде болса Әлем Чемпионатында Олимпиада лицензиясы үшін Мейрамбек Қартбай Токио Олимпиадасының жеңімпазы Заур Угуевпен күресіп жеңілген еді. Ресей балуандары Олимпиададан бас тартқан соң, жолдамалар қайта үлестірілді. Осылайша, қазақстандық Мейрамбек Қартбай Олимпиада жолдамасына ие болды.

Айта кетелік, Мейрамбек Қартбай 2023 жылғы әлем чемпионатында бесінші орын алды. Күрес түрлерінен Қазақстан құрамасы сегіз салмақ дәрежесінде бақ сынайды: Мейрамбек Қартбай (57 келі), Азамат Дәулетбеков (86 келі), Әлішер Ерғали (97 келі) және Юсуп Батырмұрзаев (125 келі).

Дәл қазір Қазақстан қоржынында Париж Олимпиадасына 25 спорт түрінен 91 лицензия бар. Парижде өтетін жазғы Олимпиада ойындары 26 шілдеден басталады.

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық балуандар Азия чемпионатында 13 алтын медаль жеңіп алды
Бейбіт Жукаев алғаш рет «Үлкен дулыға» турнирінің негізгі кезеңіне шықты
Бахтиер Зайнутдинов Ресей Премьер-лигасына қайта оралуы мүмкін
Криштиану Роналду «Аль-Насрмен» жаңа келісімшартқа қол қояды
Әбиба Әбужақынова IJF рейтінгісінде 2-орынға көтерілді
Ислам Чесноков шотландияның «Хартс» клубына ауысуға жақын
Астана қаласында ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтеді
Жайдар Мұқат Азия чемпионатында алтын медаль иеленді
Дзюдодан әскерилер арасында әлем чемпионатында қазақстандық қос балуан қола медаль жеңіп алды
Поль Погба футболға қайта оралды
«Qazsport» телеарнасының директоры Нағи Бақытбек «Құрмет» орденімен марапатталды
Ресми: Артур Шушеначев «Ақтөбе» ойыншысы атанды
Кристина Овчинникова Польшадағы турнирде күміс жүлдеге ие болды
Көркем гимнастикадан жасөспірімдер арасындағы тұңғыш әлем чемпионы Ақмарал Ерекешева елге оралды
Талғарда KFF Academy by International Airport ғимаратының құрылысы басталды
Александр Бублик ATP 500 турнирінің чемпионы атанды
Ақмарал Ерекешева Әлем чемпионатында екі бірдей медаль еншіледі
Зарина Дияс Испаниядағы турнирде топ жарды
Анна Данилина қатарынан үшінші финалға шықты
Александр Бублик жартылай финалға шықты ⠀