Бельгия мен Египет тең тарқасты
Футболдан әлем чемпионаты G тобында Бельгия мен Египет құрамалары өзара жеңімпазды анықтай алмады.
Матч АҚШ-тың Сиэтл қаласындағы «Люмен Филд» стадионында өтті.
Кездесудегі есепті 19-минутта Ашур ашып, Египет құрамасын алға шығарды. Алайда екінші таймда 66-минутта Хани өз қақпасына гол соғып, таразы басын теңестірді.
Нәтижесінде матч 1:1 есебімен аяқталды.
Осылайша Бельгия мен Египет топтық кезеңдегі алғашқы кездесуінде бір ұпайдан еншіледі.
Екінші турда Бельгия құрамасы 21 маусым күні Иранмен кездессе, Египет 22 маусымда Жаңа Зеландияға қарсы ойнайды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің Бас ассамблеясы өтті
26.11.2026, 14:25
Қазақстан құрамасы гандболдан Азия чемпионатында үшінші жеңісіне қол жеткізді
26.11.2026, 11:17
Ламин Ямальдің жоқтығы «Барселона» ойынына әсер етпейді
25.11.2026, 16:24
«Арсенал» жеңісті уысынан шығарып алды
25.11.2026, 12:26
Өзбекстанда World Boxing Әлем кубогінің финалдық кезеңі өтеді
24.11.2026, 11:34
Қазақстан U-19 құрамасы Марокконы 6:2 есебімен жеңді
24.11.2026, 10:57
Қазақстан құрамасы гандболдан Азия чемпионатын жеңіспен бастады
24.11.2026, 10:34
«Қайрат» алғашқы ойында жеңілді
24.11.2026, 10:24