Сауд Арабиясы Уругваймен ұпай бөлісті
Әлем чемпионатының H тобындағы матчта Сауд Арабиясы мен Уругвай құрамалары 1:1 есебімен тең ойнады.
Кездесу АҚШ-тың Майами қаласында орналасқан «Хард Рок» стадионында өтті.
Ойынның 41-минутында Әл-Әмри мергендігімен көзге түсіп, Сауд Арабиясын алға шығарды. Бірінші тайм араб футболшыларының басымдығымен аяқталды.
Екінші таймда Араухо 80-минутта гол соғып, Уругвайға бір ұпай сыйлады.
Осылайша Сауд Арабиясы мен Уругвай H тобындағы жарысты бір ұпаймен бастады. Енді, екінші турда Сауд Арабиясы құрамасы 21 маусым күні Испаниямен кездеседі, ал Уругвай 22 маусымда Кабо-Верде құрамасына қарсы ойнайды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің Бас ассамблеясы өтті
26.11.2026, 14:25
Қазақстан құрамасы гандболдан Азия чемпионатында үшінші жеңісіне қол жеткізді
26.11.2026, 11:17
Ламин Ямальдің жоқтығы «Барселона» ойынына әсер етпейді
25.11.2026, 16:24
«Арсенал» жеңісті уысынан шығарып алды
25.11.2026, 12:26
Өзбекстанда World Boxing Әлем кубогінің финалдық кезеңі өтеді
24.11.2026, 11:34
Қазақстан U-19 құрамасы Марокконы 6:2 есебімен жеңді
24.11.2026, 10:57
Қазақстан құрамасы гандболдан Азия чемпионатын жеңіспен бастады
24.11.2026, 10:34
«Қайрат» алғашқы ойында жеңілді
24.11.2026, 10:24