Иран мен Жаңа Зеландия тең түсті
Футболдан әлем чемпионатының G тобында Иран мен Жаңа Зеландия құрамалары кездесті.
Матч АҚШ-тың Инглвуд қаласындағы «Соу-Фай» стадионында өтті.
Кездесу тартысты өтіп, жанкүйерлер төрт голдың куәсі болды. Жаңа Зеландия сапында Элайджа Джаст дубль авторы атанды. Ал Иран құрамасынан Рамин Резаэян мен Мохеби мергендік танытты.
Матч соңына дейін екі команда да жеңіс голын соғуға тырысқанымен, қорытынды есеп өзгермеді.
Нәтижесінде Иран мен Жаңа Зеландия 2:2 есебімен тең тарқасты.
Осылайша Иран мен Жаңа Зеландия G тобындағы жарысты бір ұпаймен бастады. Енді, екінші турда Иран құрамасы 21 маусым күні Бельгиямен кездеседі, ал Жаңа Зеландия 22 маусымда Египет құрамасына қарсы ойнайды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің Бас ассамблеясы өтті
26.11.2026, 14:25
Қазақстан құрамасы гандболдан Азия чемпионатында үшінші жеңісіне қол жеткізді
26.11.2026, 11:17
Ламин Ямальдің жоқтығы «Барселона» ойынына әсер етпейді
25.11.2026, 16:24
«Арсенал» жеңісті уысынан шығарып алды
25.11.2026, 12:26
Өзбекстанда World Boxing Әлем кубогінің финалдық кезеңі өтеді
24.11.2026, 11:34
Қазақстан U-19 құрамасы Марокконы 6:2 есебімен жеңді
24.11.2026, 10:57
Қазақстан құрамасы гандболдан Азия чемпионатын жеңіспен бастады
24.11.2026, 10:34
«Қайрат» алғашқы ойында жеңілді
24.11.2026, 10:24