Португалия ірі есеппен жеңіске жетті
Португалия құрамасы Әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі екінші матчында Өзбекстанды 5:0 есебімен ойсырата жеңді.
Кездесудің 6-минутында Криштиану Роналду есеп ашса, 17-минутта Нуну Мендеш команда басымдығын арттырды. Бірінші таймның соңына қарай Роналду тағы бір мәрте мергендігімен көзге түсіп, дубль авторы атанды. Екінші таймда Абдуқодир Нематов өз қақпасына гол соғып алды. Ал матчтың нүктесін 87-минутта Рафаэл Леау қойды.
Осылайша, Криштиану Роналду бастаған Португалия құрамасы топтық кезеңдегі келесі матчын 28 маусым күні Колумбияға қарсы өткізеді.
Ал Өзбекстан құрамасы дәл сол күні Конго ДР-мен кездесіп, топтық кезеңді қорытындылайды.
K тобы
Португалия - 4 ұпай
Колумбия - 3 ұпай
Конго ДР - 1 ұпай
Өзбекстан - 0 ұпай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Дастан Сәтпаев «Бернли» сапына қосылды
09.10.2026, 15:50
Денис Тен мемориалы: Софья Самоделкина үздік үштікке енді
09.10.2026, 11:30
Семсерлесуден Қазақстан құрамасы әлем кубогы кезеңінде бақ сынайды
08.10.2026, 15:00
Аичи-Нагоя: V Азия Пара ойындарына 10 күн қалды
08.10.2026, 11:00
WBO президенті Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегіне қатысты мәлімдеме жасады
08.10.2026, 10:00
Лионель Месси Аргентина құрамасындағы соңғы ойынын өткізді
07.10.2026, 10:10
Шерзод Давлатов - Әлем чемпионатының күміс жүлдегері
04.10.2026, 21:01
Қазақстан Азиаданы тарихи нәтижелермен қорытындылады
04.10.2026, 15:02