Басты Жаңалықтар Астанада Президент Кубогының жеңімпаздары анықталды

Астанада Президент Кубогының жеңімпаздары анықталды

Астанада Президент Кубогының жеңімпаздары анықталды

Елордадағы Beeline Arena Ұлттық теннис орталығында дәстүрлі Президент Кубогы аясындағы халықаралық турнирлер аяқталды.
Жарыс қорытындысы бойынша ерлер арасындағы ATP Challenger 50 және әйелдер арасындағы World Tennis Tour W15 турнирлерінің жеңімпаздары белгілі болды.
Әйелдер арасындағы жекелей сында Қазақстан өкілі Асылжан Арыстанбекова чемпион атанды. Финалда ол жапониялық Харуна Аракаваны жеңді. Бұл – қазақстандық теннисшінің Астанадағы W15 санатындағы турнирлерде қатарынан алған екінші титулы.
Ерлер арасындағы жекелей сында Жапония өкілі Хаято Матсуока жеңіске жетті. Финалда ол Тунис теннисшісі Азиз Догазды ұтты.
Жұптық сында Қазақстандық Григорий Ломакин Петр Бар-Бирюковпен бірге финалға шықты. Алайда шешуші кездесуде жапониялық Тайсей Ишикава мен Масамити Имамура дуэтіне жол беріп, күміс жүлдеге ие болды.
Осылайша, Президент Кубогы Астанада үш апта бойы өткен халықаралық турнирлер сериясын қорытындылады.

Бөлісу