Англия Хорватиядан басым түсті
2026 жылғы Әлем чемпионатының алғашқы матчында Англия құрамасы Хорватияны 4:2 есебімен жеңді.
Кездесудегі есеп 12-минутта пенальтиден дәл соққы жасаған Харри Кейннің голынан кейін ашылды. Алайда 36-минутта Батурина таразы басын теңестірді. Бірінші таймның соңына қарай Кейн дубль авторы атанып, Англияны қайта алға шығарса, таймға қосылған 45+5-минутта Муса есепті 2:2-ге жеткізді.
Екінші тайм басталысымен Джуд Беллингем 47-минутта мергендік танытып, ағылшындарды алға шығарды. Ал матчтың 85-минутында Маркус Рашфорд матчтың нүктесін қойды. Есеп 4:2 Англияның пайдасына.
Осылайша Англия L тобындағы жарысты жеңіспен бастады. Екінші турда ағылшындар Ганамен кездессе, Хорватия Панама құрамасына қарсы ойнайды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мария Севостьянова Париждегі Гран-при кезеңінде қола медаль жеңіп алды
12.10.2026, 11:04
Алан Құрманғалиев Қытайдағы халықаралық турнирде күміс медаль жеңіп алды
12.10.2026, 11:02
Дастан Сәтпаев «Бернли» сапына қосылды
09.10.2026, 15:50
Денис Тен мемориалы: Софья Самоделкина үздік үштікке енді
09.10.2026, 11:30
Семсерлесуден Қазақстан құрамасы әлем кубогы кезеңінде бақ сынайды
08.10.2026, 15:00
Аичи-Нагоя: V Азия Пара ойындарына 10 күн қалды
08.10.2026, 11:00
WBO президенті Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегіне қатысты мәлімдеме жасады
08.10.2026, 10:00
Лионель Месси Аргентина құрамасындағы соңғы ойынын өткізді
07.10.2026, 10:10